×

Қазақстанда қай елдерге рейс саны артты?

Бүгінде 28 мемлекетпен тікелей әуе байланысы бар

 Дәурен Ерболат 28.05.2024 | 16:40
Фото: Air Astana

Елімізде шетелге ұшатын халықаралық рейстердің саны артып жатыр, деп хабарлады Көлік министрлігі.

Қазір Қазақстанда 28 мемлекетке 121 маршрут бойынша аптасына 567 рейс жасалады.

Рейстердің басым бөлігі Ресей Федерациясына ұшады. Аптасына 31 әуе бағыты бойынша Мәскеу, Санкт-Петербург, Екатеринбург, Минеральные воды, Қазан, Сочи, Красноярск, Новосібір, Махачкала және Грозный қалаларына 139 рейс орындалады.

Сондай-ақ Түркияға 18 әуе бағыты бойынша Ыстанбұл, Анкара және Анталия қалаларына аптасына 125 рейс, 6 әуе бағыты бойынша БАӘ-нің Дубай, Абу-Даби, Шарджа қалаларына 58 рейс ұйымдастырылған.

Қазақстаннан Қытайға 9 әуе бағыты бойынша аптасына 43 рейс ұшады: Бейжің, Үрімші, Сиань, Ханчжоу және Санья сынды қалаларға бара аласыз.

Биыл жазда Вьетнам, Таиланд, Мысыр және Грузияға ұшатын әуе рейстерінің саны айтарлықтай өседі, - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама