×

Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасының есебін тыңдады

Әлемдегі геосаяси жағдай тұрақсыз

 Дәурен Ерболат 21.05.2024 | 17:45
Фото: Telegram/Aqorda

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысының төрағалығымен Ақордада өткен кеңесте Ұлттық банктің былтыр атқарған қызметі туралы есеп берілді.

Іс-шараға Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова, қаржы министрі Мәди Такиев қатысты.

Президентке 2023 жылғы ақша-кредит саясатының орындалу нәтижелері, қаржы тұрақтылығын және алтын-валюта резервінің жай-күйін қамтамасыз ету үшін Ұлттық банктің қабылдап жатқан шаралары, сондай-ақ Ұлттық қордағы активтер туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Цифрлық теңге» жобасының іске асырылу барысы және цифрландыру мәселесіне қатысты маңызды бастамалар жайында ақпарат берілді

Атап айтқанда, 2023 жылы қаржы нарығына қатысушылармен бірлесіп, Open API платформасы мен қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі антифрод-орталығы пилоттық режимде іске қосылды.

Мемлекет басшысы әлемдегі геосаяси тұрақсыздыққа, жоғары инфляцияға және жаһандық сауданың төмендеуіне қарамастан, былтыр жалпы Қазақстан үшін жақсы жыл болғанын атап өтті.

Сонымен қатар қазіргі әлемдік жағдайда еліміздің макроэкономикалық және қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін Ұлттық банк пен Үкімет үйлесімді жұмысты жалғастыра беруі қажет.

Президент ұлттық қаржы нарығы жүргізіп отырған саясаттың тиімділігін арттыруға және инфрақұрылым құруға қатысты бірқатар міндет жүктеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама