×

Қазақстанда өзбекстандық кәсіпкерлердің бизнесі қарқынды дамып жатыр

Олардың басым бөлігі сауда-саттықпен айналысады

 Дәурен Ерболат 17.05.2024 | 12:50
Фото: protchenkov.livejournal.com

Елімізде өзбекстандық кәсіпкерлердің бизнесі қарқынды дамуда, деп хабарлады Telegram-дағы Data Hub арнасы.

Биыл 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 4 595 өзбекстандық кәсіпкер болып тіркелген. Бұл жыл басындағы көрсеткіштен 706 адамға, яғни 18% артық.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл деректі 2023 жылғы 1 мамырмен салыстында, Өзбекстанның Қазақстандағы кәсіпкерлікпен айналасатын ұйымдарының саны 0,5 есе өскен.

Биыл елімізде тіркелген өзбекстандық компаниялар жалпы саны бойынша үздік үштіктен Қытайды ығыстырды (2024 жылғы 1 қаңтардан бері +204 ұйым). Тізімде көшбасында Ресей мен Түркия тұр.

Өзбекстан үздік үштікке 1 ақпанда енді.

Өзбекстандық кәсіпорындарға тоқталсақ:

  • Олардың басым бөлігі шағын бизнеске жатады;
  • Әрбір үшінші ұйым сауда-саттықпен айналысады;
  • Барлық тіркелген компаниялардың 79%-ы жұмыс істейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама