Қазақстанда өзбекстандық кәсіпкерлердің бизнесі қарқынды дамып жатыр
Олардың басым бөлігі сауда-саттықпен айналысады
Елімізде өзбекстандық кәсіпкерлердің бизнесі қарқынды дамуда, деп хабарлады Telegram-дағы Data Hub арнасы.
Биыл 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 4 595 өзбекстандық кәсіпкер болып тіркелген. Бұл жыл басындағы көрсеткіштен 706 адамға, яғни 18% артық.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл деректі 2023 жылғы 1 мамырмен салыстында, Өзбекстанның Қазақстандағы кәсіпкерлікпен айналасатын ұйымдарының саны 0,5 есе өскен.
Биыл елімізде тіркелген өзбекстандық компаниялар жалпы саны бойынша үздік үштіктен Қытайды ығыстырды (2024 жылғы 1 қаңтардан бері +204 ұйым). Тізімде көшбасында Ресей мен Түркия тұр.
Өзбекстан үздік үштікке 1 ақпанда енді.
Өзбекстандық кәсіпорындарға тоқталсақ:
- Олардың басым бөлігі шағын бизнеске жатады;
- Әрбір үшінші ұйым сауда-саттықпен айналысады;
- Барлық тіркелген компаниялардың 79%-ы жұмыс істейді.