×

Елімізде тасқыннан кейін мұнай өндірісі қалпына келтірілді

Табиғи апат салдарынан 500 ұңғыма су астында қалған

 Дәурен Ерболат 10.05.2024 | 14:27
фото: fishki.net

Еліміздегі су тасқынынан соң мұнай өндіру қалпына келтірілді. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мұнай өндірісінде шамалы төмендеу байқалды. Себебі шамамен 500 ұңғыма су астында қалды. Мұндай жағдай Ақтөбе облысында болды. Қазір су кетіп жатыр. Алдын ала өткізілген барлық іс-шара тиімділігін көрсетті. Қазір штаттық режимде жұмыс істеп жатырмыз, - деді Алмасадам Сәтқалиев Үкімет кулуарында.

Айта кетейік, 25 сәуірде Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов су астында қалған 43 ұңғыма қалпына келтіріліп, мұнай өндіріле бастағанын айтқан еді.

«Тасқын басталғалы бері мұнай бойынша шығын шамамен 20 мың тонна болды. Қарғын судың қайтуына байланысты ұңғымалар іске қосылады. Тасқын басталғалы бері 673 ұңғыма су астында қалған. Бүгінде шамаман оның 450-і әлі су астында», - деген-ді сонда министрдің орынбасары.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама