Halyq Uni логотип
×

Қазақстан Ресейден қосымша қант сатып алмақ

Көрші елден 80 мың тонна қант жеткізіледі

 Дәурен Ерболат 10.05.2024 | 13:13
Қазақстан Ресейден қосымша қант сатып алмақ
Фото: Halyq Uni

Биыл елімізде қант тапшылығы болмайды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, елімізде қанттың қажеттілігі жылына – 550 мың тонна. Бүгінде 90 мың тонна қант бар. 

Бұдан бөлек, 120 мың тонна қант квотамен алынады. Бұл өнім мамырдан бастап түсе бастайды. Сондай-ақ бажсыз кіргізетін 300 мың тонна қант құрағы бар. Сондықтан бізге қант жетеді деп айтуға болады. Жақында мен Ресейдегі әріптесіммен қосымша тағы 80 мың тонна қант жеткізу туралы сөйлестім. Енді кім біледі, дайын болайық. Ертең әртүрлі жағдай болуы мүмкін. Бірақ биыл қант 100% қамтылады деп ойлаймын, – деді Айдарбек Сапаров Үкіметтің баспасөз орталығында.

Министр Қазақстанның өтінішін Ресей қолдағанын атап өтті. 

«Осы жұмыстар жүргізілсе, қанттың бағасы көтерілмейді деп ойлаймын», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама