Қазақстан Орталық Азиядағы ең бай мемлекет атанды
Тізімнің соңында Макао мен Люксембург тұр
Әлемдегі ең кедей елдер рейтингінде Қазақстан Орталық Азиядағы ең бай мемлекет атанды, деп хабарлады Global Finance.
Рейтингте Қазақстан Орталық Азиядағы көрші елдердің арасында ең төменгі орынға ие болды – 128. ЖІӨ-ПОҚ көрсеткіші бойынша еліміздегі әрбір тұрғынға 34 534 доллардан келеді. Осылайша, еліміз рейтингте Орталық Азия республикалары арасында ең бай мемлекет атанды.
Тізімде Түрікменстан 101-орында, Өзбекстан 67-орында, Қырғызстан 48-орында тұр.
Орталық Азиядағы ең кедей мемлекет – Тәжікстан. Ол 43-орынға ие болды.
Әлемдегі ең кедей елдер рейтингінде Қазақстан Әзербайжан (98-орын) мен Қытайдың (113-орын) алдында тұр, ал Түркия біздің алдымызда – 140-орын.
Жаһандағы ең кедей мемлекет тізімінде Оңтүстік Судан, Бурунди және Орталық Африка Республикасы көшбасында. ТОП-10 тізімге Конго Демократиялық Республикасы, Мозамбик, Нигер, Малави, Либерия, Мадагаскар және Йемен енді.
Сондай-ақ рейтингтің ең соңында Люксембург (190-орын), Макао (189-орын) және Ирландия (188-орын) тұр.