«Сиань-Алматы» бағытында жолаушылар пойызы қатынайды
Қазақстан мен Қытай арасын пойыз байланыстырмақ
![](https://halyq-uni.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2024/05/05/66376703860fd491812686.jpg)
Қытайдың Сиань қаласынан Алматыға туристік жолаушылар пойызы жіберіледі, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қытай Халық Республикасындағы қазақстандық туризм жылы аясында «Сиань - Алматы» бір реттік туристік жолаушылар пойызын іске қосу мәселелері талқыланды, – дейді Көлік министрлігі.
Ведомствода өткен жиында мүдделі тараптардың өкілдерімен бірлесіп, техникалық мүмкіндіктер мен туристік пойыздың жүруіне қатысты мәселелер егжей-тегжей талқыланды.
Бұған дейін ҚТЖ пойыздармен үй жануарларын тасымалдау ережелерін түсіндірген болатын. Қарағанды облысында жолаушылар вагоны рельстен шығып кеткен еді.