Halyq Uni логотип
×

Алматы экономикасы соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткішке жетті

Жалпы өңірлік өнім 10,1% ұлғайған

 Динара Амантай 30.04.2024 | 17:10
Алматы экономикасы соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткішке жетті
Фото: Halyq Uni

2023 жылы Алматының жалпы өңірлік өнімі 10,1% ұлғайып, 24,8 трлн теңге болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, бұл – соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш.

Экономиканы дамытудың драйверлері өңдеу өнеркәсібі (+17,5%), сауда (+14,5%), қаржы және сақтандыру қызметі (+12,0%), ақпарат және байланыс (+11,3%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (+6,9%), көлік және қоймалау (+5,7%) болды.

Мегаполис экономикасының дамуы жоғары инвестициялық және іскерлік белсенділікпен қатар жүрді. 2023 жылы Алматыға 1,8 трлн негізгі капиталға салынған инвестициялар теңгесі 25,3% өсті. Бұл ретте жеке инвестиция 35,5% артты. Былтыр шағын және орта бизнес субъектілері 19,3 трлн теңгенің өнімін шығарды, ал нақты өсімі – 15,8%. Белсенді жұмыс істеп тұрған бизнес субъектілерінің саны – 340,1 мың, бұл – 2022 жылмен салыстырғанда, 16,2% артық.

Экономиканың қарқынды дамуы жұмыссыздық деңгейін 2022 жылғы 5%-дан 2023 жылы 4,8%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

Жалпы, Алматының Қазақстанның жалпы ішкі өніміндегі үлесі 20,6%-ға дейін өсті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама