Қазақстан Қытайдан электроника тауарларын сатып алуды көбейткен

Дәурен Ерболат

2022 жылғы 4 айда Қытайдан импортталатын тауарлар көлемі рекордтық деңгейге жеткен

Фото: htfi.ru

Биыл қаңтар-сәуірде Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымы 6,5 миллиард доллар болды, деп хабарлайды Экономикалық зерттеулер институты.

Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 26,7% жоғары, былтырғы көрсеткіш – 5,2 миллиард доллар.

2022 жылғы 4 айда Қазақстаннан Қытайға экспорт 29% өсіп, 3,6 миллиард долларға жетті. Көрші елге көбінесе шикі мұнай, уран, мыс жеткізілген:

  • Шикі мұнай – өсім - 2,7 есе, 324,3 миллон доллардан 864,9 миллион долларға дейін;
  • Мыстан жасалған катодтар мен мыс – өсім - 33,4%, 672,8 миллон доллардан 897,7 миллон долларға дейін;
  • Уран – өсім - 3 есе, 40,9 миллион доллардан 121,5 миллион долларға дейін;
  • Темір кендері мен концентраттары – өсім - 38,3%, 162,8 млн доллардан 225,1 миллион долларға дейін.

Сондай-ақ биыл қаңтар-сәуірде Қытайдан Қазақстанға импорт 23,9% өсіп, 2,9 миллиар доллар болған. Еліміз көрші елден түрлі қондырғылар мен электроника тауарларын көптеп сатып алған:

  • Қара металдан жасалған түрлі бұйымдар – өсім - 4,5 есе, 19,5 миллион доллардан 87,8 миллион долларға дейін;
  • Ауаны баптауға арналған қондырғылар – өсім - 4 есе, 22,3 миллион доллардан 88,7 миллион долларға дейін;
  • Электр генераторлық қондырғылар – өсім – 6,3 есе, 8,4 миллион доллардан 52,6 миллион долларға дейін;
  • Есептеуіш машиналары – өсім - 19,6%, 223 миллион доллардан 266 миллион долларға дейін.