Halyq Uni логотип
×

Жыл басынан бері Қазақстанға қай елдер көп инвестиция салды?

Елімізге төрт ай ішінде 436 млрд теңге инвестиция тартылған

 Дәурен Ерболат 15.04.2024 | 17:50
Жыл басынан бері Қазақстанға қай елдер көп инвестиция салды?
фото: Halyq Uni

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров жыл басынан бері қай Қазақстанға қай елдерден инвестиция келгенін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Биыл қаңтар-сәуір аралығында Сыртқы істер министрлігі 436,6 млрд теңге сомасына 29 инвестициялық келісімшарт жасасты. Жоғарыда көрсетілген кезеңде eLicense.kz порталы арқылы инвестициялық преференция беруге 86 өтінім келіп түсті. Ресей, Нидерланды және Кипр мемлекеттері ұсынылды, - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Инвесторлар төмендегі салаларға қаржы салуға ниетті:

  • Өңдеу өнеркәсібі саласы – 12 келісімшарт;
  • Көлік және қойма саласы – 6 келісімшарт;
  • Өнер, ойын-сауық және демалыс саласы – 4 келісімшарт;
  • Тұру және тамақтану қызметтерін ұсыну саласы – 4 келісімшарт;
  • Білім беру және денсаулық сақтау саласы – 2 келісімшарт;
  • Электрмен жабдықтау, газ, бу және ауа баптау саласы – 1 келісімшарт.

Инвестициялық келісімшарттың басым бөлігі Астана қаласы бойынша – 16 келісімшарт. Одан кейін тізімде: Шымкент қаласы мен Алматы облысы – 3 келісімшарт, Алматы қаласы мен Жамбыл облысы – 2 келісімшарт, Ақтөбе, Қостанай, Түркістан облыстары – 1 келісімшарт.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама