Қазақстанға сырттан бидай әкелуге тыйым салу мерзімі ұзартылды

Дәурен Ерболат

Шектеу 6 айға енгізілді

Фото: Depositphotos.com

Елімізге сырттан бидай әкелуге тыйым салу мерзімі ұзартылды, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.

Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 11 сәуірдегі №125 бұйрығымен бидайды Қазақстанға, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден тек өндіріс пен тұтыну үшін құс шаруашылығы және ұн тарту кәсіпорындарының атына теміржол көлігімен жеткізуді қоспағанда, автокөлік, су және теміржол көлігімен әкелуге тыйым салынды. Уақытша тыйым 2024 жылғы 12 сәуірден бастап, 6 айға енгізіледі, - деп жазылған хабарламада.

Шектеу Қазақстан арқылы бидайды темір жол көлігімен транзиттік тасымалдауға және ұн тарту мен құс шаруашылығы кәсіпорындарына бидайды әкелуге қолданылмайды. Әкелінген бидай ішкі және сыртқы нарықта сатылмауға тиіс.