×

Саран моноқалалар қатарынан шығарылды

Онда өндірістік жобалар сәтті іске асып жатыр

 Дәурен Ерболат 10.04.2024 | 09:52
фото: zakon.kz

Қарағанды облысында Саран моноқала мәртебесінен айырылды, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Облыстың моноқалаларының дамуы аппараттық кеңесте талқыланды.

Қарағанды облысында 4 моноқала бар: Теміртау, Балқаш, Шахтинск, Абай. Олар облыстың барлық өңдеу өнеркәсібінің 57%-ын және инвестицияның шамамен 22%-ын қамтамасыз етеді. Онда жалпы 312 мың адам (облыс халқының 28%-ы) тұрады. 2021 жылы Saran индустриялық аймағы іске қосылып, табысты жұмыс істеді. Онда бірқатар ірі зәкірлік жоба іске асырылған-ды. Саран қаласы экономиканы әртараптандыру бойынша жүргізілген ауқымды жұмыс нәтижесінде Экономика министрлігінің бұйрығымен моноқалалар санатынан шығарылды, - деді экономика басқармасының басшысы Татьяна Аблаева.

Осылайша, Қарағанды облысында Теміртау, Балқаш, Шахтинск және Абай моноқала мәртебесінде қалып, Саран осы санаттан шығарылды.

Біз үшін экономиканы әртараптандыру – басым міндеттердің бірі. Бүгінде біздің қала құраушы компанияның айналасында 200-ден аса шағын және орта кәсіпорындардың белдеуі құрылды. Оның 50-і – жергілікті Теміртау кәсіпорындары, олар комбинат үшін сұранысқа ие қызметтер мен жұмыстарды алып жатыр. Бұл – логистика, металл өңдеу, сервистің әртүрлі түрлері, көлік және тағы басқа, – деді Теміртау қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков.

Биыл ол 2 ірі жобаны іске қосу жоспарланып отырғанын жеткізді. Олар – арнайы кокс және тау-кен саласына арналған өнімдер өндіру.

Моноқалаларды кешенді және сараланған түрде дамыту үшін инфрақұрылымды жақсартумен қатар, инвестиция тарту үшін жағдай жасау қажет. Өсу нүктелерін іздеңіздер. Жаңа өндірістердің ашылуына ықпал ету қажет. Бұл ретте импортты алмастыратын өндірістерді қолдауды талап ететін, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды назардан тыс қалдырмау керек. Осы тұрғыда белсенді жұмыс істеу қажет, – деді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

Еске сала кетсек, бұған дейін премьер-министр Олжас Бектенов өңір әкімдіктеріне кәсіпкерліктің өсуіне жағдай жасауды тапсырған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама