Бидай да қымбаттап жатыр. Нанның бағасы не болмақ?

Еркеғали Болатұлы

15 маусымға дейін бидай мен ұнды шығаруға квота енгізілген

фото: pixabay.com

Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев әлемде бидай бағасы өсіп жатқанына қарамастан, Қазақстанда нанның қымбаттамайтынын жеткізді.

Оның айтуынша, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» астық қорын жеткілікті етіп жинап қойған.

Біз қазір әлеуметтік нан үшін өңірлерге арзандатылған бидай жеткізіп жатырмыз. Сондықтан баға тұрақты болады. Нан бағасының өсуіне ешқандай себеп болған емес, жоқ және болмайды, - деді министр.

Сондай-ақ ол Қазақстанда биылғы 15 маусымға дейін бидай мен ұнды шығаруға квота енгізілгенін атап өтті.

«Сондықтан нарықтағы жағдай тұрақты. Жаңа өнім алғанға дейін қорымыз жеткілікті», - деп отыр.