×

Резервтегі 83 кен орнын аукцион арқылы сату жоспарланып отыр

Мемлекет балансында 9 мыңнан астам кен орны бар

 Еркеғали Болатұлы 05.04.2024 | 14:43
фото: egemen.kz

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің төрағасы Ерлан Ақбаров биыл маусым айының соңына қарай Қазақстанда резервтегі 83 пайдалы қазбалар кен орнын аукционға шығару жоспарланып отырғанын айтты.

Геология комитеті жеке инвесторлар келешегі бар жер қойнауын іздеуді инвестициялауға қызығушылық танытып отырғанын хабарлады.

Мамандардың айтуынша, жер қойнауын пайдалануға инвестицияны арттыру үшін еліміздің барлық аумағы мемлекеттік қорды басқару бағдарламасына енгізілген. Орташа барлау мерзімі 10 жылға дейін созылуы мүмкін. Жалпы алғанда, мемлекет балансында пайдалы қазбалардың 103 түрі бойынша 9 мыңнан астам кен орны бар. 

Сондай-ақ ведомство өкілі Қазақстанның шикізат қоры 100 жылға дейін жетуі мүмкін екенін атап өтті.

Өткен жылы 74 жер қойнауы учаскесі бойынша 2 аукцион өткізілді. Нәтижесінде қол қою бонусы шамамен 3,5 млрд теңге болды. Биыл 30 маусымға дейін қайтарылған 23 және резервтегі 83 кен орнын аукционға шығару жоспарланып отыр. Аукциондар ел аумағында өндірісті орташадан төмен емес деңгейде іске қосу және төлемдерді өңірлердің әлеуметтік даму бағытына аудару міндеттемелері негізінде өткізіледі, – деді Ерлан Ақбаров ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама