×

1 доллар - 415 теңге: Ұлттық банк теңгенің нығаюына не әсер еткенін айтты

Соңғы уақытта теңге құнсызданып кеткен еді

 Қымбат Елтайқызы 01.06.2022 | 11:40
коллаж: Halyq Uni

Ұлттық банк валюта нарығына қатысты мәлімдеме жасады.

«Мамырдың қорытындысы бойынша, теңге бағамы әлемдік қаржы нарықтарындағы белгісіздік пен құбылмалылыққа қарамастан, 1 доллар үшін 415,16 теңгеге дейін немесе 6,8%-ға нығайды. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 2,2 млрд доллар болған кезде Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі 115 млн долларды құрады», – делінген ақпаратта.

Ұлттық валютаның нығаюына бірқатар фактор әсер етті. Оның ішінде: энергия тасымалдаушылардың тұрақты жоғары бағасы және экспорттаушылардың салықтық төлемдер кезеңі, жеке тұлғалар тарапынан шетел валютасына сұраныстың төмендеуіне байланысты нарыққа қатысушылардың сентиментінің өзгеруі, ресей рублінің де, тұтастай алғанда, дамушы елдердегі валюталардың бағамы да бар.

Kase-тегі бүгінгі мәліметке сай, бір доллар 415,16 теңгені құрайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама