Индустрия министрлігіне 2025 жылға дейінгі жол картасын әзірлейді
Премьер-министр Асқар Мамин құрылыс материалдары саласына қатысты жауапты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне «Самұрық-Қазына» қорымен, «Бәйтерек» холдингімен, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы және әкімдермен бірлесіп бір ай ішінде Құрылыс индустриясы жобаларын іске асыру бойынша 2025 жылға дейінгі жол картасын әзірлеуді тапсырды.
Одан бөлек, Индустрия министрлігіне «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, нарықта делдалдардың жұмысына жол бермеу және құрылыс материалдарының құнын арзандату үшін 2022 жылғы 1 наурызға дейін «Маркетплейс» онлайн алаңын пайдалануға енгізу жүктелді.
Үкімет басшысының тапсырмасы бойынша, Индустрия министрлігі Бәсекелестікті қорғау агенттігі және әкімдіктермен бірлесіп, құрылыс материалдары бағасын негізсіз өсіру фактілері бойынша уақтылы шаралар қабылдап, үнемі бақылауды қамтамасыз етеді.
Премьер-министрдің мәлімдеуінше, 2025 жылға қарай құрылыс материалдарының импорт үлесін 42-ден 27 пайызға дейін азайтылады.
Нарықты қолжетімді отандық құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету үшін 2025 жылға қарай құны 1 трлн теңгеден асатын құрылыс индустриясының 165 жаңа жобасы іске асырылады. Кеңінен қолданылатын құрылыс материалдарының өндірісі ұйымдастырылады, оның ішінде шыны, керамика тақташалар, санфаянс, қасбет және жылу сақтайтын материалдар және тағы басқа. Бұл 2025 жылға қарай импорт үлесін 42-ден 27 пайызға дейін азайтады. Жаңа өндірістер құру және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту құрылыс материалдарының қолжетімділігін қамтамасыз етеді және жалпы импорт үлесін азайтуға мүмкіндік береді. Жалпы бұл жұмысты белсенді түрде жалғастыру қажет, - деді Үкімет басшысы.