Қазақстандықтар өзіне қолайлы кез келген банкті таңдай алады
Қаржы нарығын реттеу агенттігі еліміздегі банктерді тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қосуды ұсынды, деп хабарлады 24.kz.
Бүгінде жүйеге тек «Отбасы банкі» қосылған. Сондықтан аталған банктің салымшылары 3,5-5% аралығында ипотека ала алады. Ал басқа банкте мұндай төмен пайызбен пәтер алу мүмкін емес.
Агенттіктің ұсынысы қолдау тапса, қазақстандықтар өзіне қолайлы кез келген банкті таңдай алады.