Алматы облысында мал терісі мен жүні рәсуа болып жатыр
Алматы облысына қарасты Кеген ауданында жеңіл өнеркәсіптің жоқтығынан, сұраныстың болмауына малдың терісі мен жүні ешкімге керексіз болып отыр. Үш жылдан бері субсидия беру тоқтатылған соң ата кәсіптен те мән кете бастаған.
Жалпы, Кеген ауданы - аграрлы аймақ, халықтың 90 пайызы мал шаруашылығымен айналысады. Бүгінде мұнда 53 мың бас ірі қара, 232 мың қой-ешкі жане 30 мыңнан аса жылқы бар.
«Бізде ептеп болса да, ет, сүт өткізу мәселесі жолға қойылған. Ал, жүн мен тері бекерге қалып жатыр. Соны өңдейтін цех болса, малмен күнелтіп отырған шаруалардың табысы артады. Аз да болса шығынын жабатын еді», - дейді аудан тұрғыны Дулат Жантай.
Жуырда ғана Кеген ауданына жұмыс сапарымен барған Алматы облысы әкімі Қанат Бозымбаев бұл мәселе республика көлемінде өзекті екенін алға тартты. Облыс басшысы аудан шаруаларына кәсіпорын ашу мәселесі қарастырылып жатқанын айтып, халықты шыдай тұруға шақырды. Субсидия мәселесі де қарастырылатыныны айтып, шаруаларға үміт сыйлады.