Үндістаннан 130 тонна қант жеткізілді
Премьер-министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстандағы қант тапшылығына қатысты жауап берді.
Вице-премьердің айтуынша, Қазақстандағы қант тапшылығы Ресейдің қант экспортына тыйым салуына байланысты. Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі шешімі шеңберінде Қазақстанға 2022 жылғы 31 тамызға дейін 350 мың тонна көлемінде ақ қант пен қант құрағын бажсыз әкелу құқығы берілген.
ҚТЖ дерегі бойынша, қазір Қазақстан өңірлеріне 152 вагон қант (10 мың тонна) қант жеткізілгелі отыр. Қант тиелген 58 вагон көздеген стансаларға жетсе, қалған 94 вагон межелі стансаға 7 тәулік ішінде жеткізілмек.
Сондай-ақ 27 мамырда Азық-түлік келісім шарт корпорациясы Үндістаннан Нұр-Сұлтан қаласына 2 вагон қант (шамамен 130 тонна) жеткізді.