Halyq Uni логотип
×

Қазақстан-Қытай арасындағы өткізу пункттері 21-23 наурызда жұмыс істемейді

Теміржол өткізу пункттері ашық болады

 Халық үні 18.03.2024 | 17:00
Қазақстан-Қытай арасындағы өткізу пункттері 21-23 наурызда жұмыс істемейді
Фото: Inform.kz

Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері 2024 жылдың 21-23 наурызы аралығында жұмыс істемейді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанда Наурыз мейрамын мерекелеуге байланысты 2024 жылдың 21-23 наурызында Қазақстан-Қытай шекарасында5s автомобиль өткізу пунктерінде азаматтар, көлік пен жүктер өткізілмейді, - делінген ақпаратта.

Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

Айта кетейік, Наурыз мейрамы Қазақстанда 3 күн – 21-23 наурыз аралығында тойланады. Биыл мейрам бейсенбі, жұма және сенбі күндеріне сәйкес келеді. Бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар 5 күн қатарынан – 21 наурыз бен 25 наурызды қоса алғанда демалады. Алты күндік жұмыс аптасы үшін демалыс 21-24 наурыз аралығында жалғасады. 25 наурыз (дүйсенбі) – жұмыс күні.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама