×

Биыл 9 мың адамға қайтарымсыз грант беріледі

2023 жылы 6 мыңға жуық адам 2,5 пайыз мөлшерлемемен несие алды

 Халық үні 15.03.2024 | 15:03
Фото: Halyq Uni

Биыл 5,8 мың адамға шағын несие беруге 29 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев мәлімдеді.

Вице-министр жастарға 2,5 пайыз мөлшерлемемен шағын несие берілетінін атап өтті. Былтыр 5 733 азамат осындай несиелер алған.

Азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау мақсатында өз ісін ашуға мүмкіндік беретін қайтарымсыз гранттар беру жыл сайын іске асырылады. Биыл 9 мың азаматқа грант беру үшін 13 млрд теңге қарастырылған, – деді ол.

Сондай-ақ биыл 948,1 мыңнан астам адам жұмысқа орналасады.

Мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындарына 193 мыңнан астам азаматты президенттің «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» бастамасы аясында, 341,3 мың адамды бос жұмыс орындарына, 314,9 мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған, - деді Ордабаев.

Айта кетейік, 2023 жылғы үшінші тоқсанда қазақстандықтардың ақшалай табысы жан басына шаққандағы орташа есеппен 298,2 мың теңге болды

Серіктес жаңалықтары

Сараптама