×

Қазақстандықтар жылқы етін тұтынуда рекорд орнатты

Өнімге сұраныс айтарлықтай өскен

 Дәурен Ерболат 14.03.2024 | 17:40
фото: yaplakal.com

2023 жылы төртінші тоқсанда Қазақстанда жылқы етін тұтыну орташа жан басына шаққанда 1,97 келіден келген. Бұл – 2011 жылдың басынан бергі ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

Жылқы етін тұтыну жыл мезгіліне байланысты өзгереді. Мысалы, 2022 жылы төртінші тоқсанда көрсеткіш 5% өскен. Бұл – 10 жыл бұрынғы қазан-желтоқсандағыдан 81%-ға көп. Соңғы жылдары жылқы етін тұтыну тұрақты түрде өсіп келеді.

Өткен тоқсанда статистикада көрсетілген еттің барлық түрінің ішінде жылқы етін тұтыну сиыр етінен кейін 2-орында тұрды.

Қазақстандықтар орташа есеппен 6,61 келі сиыр етін тұтынады. Бұл – бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 7%-ға артық және 2015 жылғы рекордтық көрсеткіштен (6,68 келі) сәл ғана аз.

Айта кетейік, бұған дейін елімізде бір жылда қазы мен жаяның қымбаттағаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама