ЕАЭО елдері арасында Қазақстан қаңтарда етті ең аз өндірген
Ал Ресейде жұмыртқа өндірісі төмен
Қазақстан биылғы қаңтарда мал мен құс етін өндіруді қысқартқан. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия хабарлады.
Жыл басындағы өндірілген 140 мың тонна ет 2023 жылғы қаңтардағы көрсеткіштің небәрі 98,9%-ын қамтиды және бұл көрсеткіш Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі ең төменгі көрсеткіш саналады.
2024 жылдың қаңтарында Еуразиялық экономикалық одақта барлық санаттағы шаруа қожалықтарында ауыл шаруашылығы өнімі 2023 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 0,5% өсті, - деп отыр комиссиядағылар.
ЕАЭК-тегілер Беларусьте, Қырғызстанда және Қазақстанда өсім бар екенін, ал Ресейде төмендеу байқалғанын да алға тартты.
Сонымен қатар, 2023 жылдың қаңтарымен салыстырғанда союға арналған мал мен құс етін өндіру (тірі салмақта) – 1%, сүт – 3,2%, жұмыртқа өндіру 0,9% төмендеген. Бұл ретте союға арналған мал мен құс етін (тірі салмақта) өндіру Беларусьте (104%), Ресейде (100,9%) және Қырғызстанда (100,7%) өсіп, Қазақстанда төмендеп отыр.
ЕАЭО-ның барлық мемлекеттерінде (Армения деректерін қоспағанда) сүт өндірісі артқан. Жұмыртқа өндірісі Қырғызстан, Беларусь және Қазақстанда қарқын алса, Ресейде тағы төмен дәрежеде.