×

Сәтқалиев Тоқаевқа «Самұрық-Қазынаның» қаржылық жағдайы жайлы баяндады

Компанияның қазіргі ахуалы қандай екен?

 Қымбат Елтайқызы 30.05.2022 | 16:20
фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

«Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Самұрық-Қазына» қорының биылғы төрт айда атқарған жұмыстарының қорытындысы жөнінде есеп берілді. Президентке қордың өндірістік, қаржылық көрсеткіштері мен осы жылға арналған болжамдары туралы айтылды. Берілген мәліметтерге сәйкес, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы қазір жоспарланған нәтижеге қол жеткізген», – делінген ақпаратта.

Алмасадам Сәтқалиев мемлекет басшысына маңызды инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы, ірі инфрақұрылымдық нысандарға жүргізілген жөндеу жұмыстары, сондай-ақ қорға қарасты портфельді компаниялардың IPO-ға дайындығы жөнінде баяндады.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының қызметіне қатысты бірқатар нақты тапсырма берді, – делінген мәліметте.

«Самұрық-Қазына», «Самұрық-Энерго» және ҚТЖ мемлекетке 3,8 млрд теңге залал келтірген. «Самұрық-Қазына» антикор тексерісіне қатысты мәлімдеме жасады. «Самұрық-Қазынаға» алынатын әр қызметкерді шындық детекторы арқылы тексеру үшін қанша қаражат жұмсалады?

Серіктес жаңалықтары

Сараптама