Halyq Uni логотип
×

Елімізде ең қымбат раушан гүлі қайда сатылады?

Салаға шамамен 555 млн теңге инвестиция құйылған

 Дәурен Ерболат 05.03.2024 | 15:38
Елімізде ең қымбат раушан гүлі қайда сатылады?
Фото: Halyq Uni

Қазақстанда бір жылда өсімдіктер мен гүлдердің бағасы 8,2% өскен, деп хабарлады Energyprom.kz.

Өңірлер бойынша бағаның ең көп өсімі Қарағанды ​​облысында тіркелді – 41,5%. Одан кейін тізімде Алматы облысы (плюс 18,1%) және Астана (плюс 14,5%) тұр.

Ең аз жылдық баға өсімі Алматы қаласында – 1,3%. Ақмола, Жамбыл және Жетісу облыстарында баға былтырғы деңгейде қалған.

Сондай-ақ бір жылда өсімдіктер мен гүлдер Павлодар облысында 0,9%, Ұлытау облысында 6,1% арзандаған.

Биыл қаңтарда базарларда әлемге танымал раушан гүлдерінің 1 данасы орташа есеппен 946 теңгеге сатылған.

Ең қымбаты – Абай облысында, 1,4 мың теңге. Қостанай (1,3 мың теңге) және Шығыс Қазақстан (1,2 мың теңге) облыстарында сәл арзанырақ.

Ең арзаны – Шымкентте, 600 теңге. Батыс Қазақстан облысында раушан гүлі – 648 теңге, Қызылордада – 667 теңге.

2023 жылы Қазақстанда 17,6 млн гүл жиналған. Гүлдер 20 өңірдің 13-інде өсірілген.

Алматы облысында ең көп гүл жиналды – 7,8 млн дана, жылдық өсім – 10,9 есе. Одан кейін тізімде Ақмола (5,3 млн дана) және Қарағанды ​​(2,2 млн дана) облыстары бар.

2023 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында гүл өсіру және тұқым шаруашылығы саласында негізгі капиталға салынған инвестиция 554,8 млн теңге болды. Бұл тек Түркістан (545,4 млн теңге) және Қарағанды ​​(9,5 млн теңге) облыстарына тиесілі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама