Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда коммуналдық тарифтер айтырлықтай қымбаттаған

Қаңтарда көрсеткіш 0,8% болған

 Дәурен Ерболат 01.03.2024 | 17:52
Қазақстанда коммуналдық тарифтер айтырлықтай қымбаттаған
Фото: Halyq Uni

Биыл ақпанда елімізде бағалардың айлық индексі 1,1% өсті, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

Бір айда ақылы қызметтер 1,7%, азық-түлік тауарлары 0,8%, ал азық-түлік емес тауарлар 0,7% қымбаттады.

Ең жоғары айлық инфляция Қарағанды облысында тіркелді. Мұнда тауар мен қыметтер 1,9% өскен. Бұл – орташа республикалық деңгейден 0,8 п.т. жоғары.

Сондай-ақ ең төменгі айлық инфляция (0,5%) Абай және Алматы облыстарында тіркелді.

Жылдық инфляцияның деңгейі бұдан да жоғары. 2023 жылғы ақпанмен салыстырғанда, бағалар айтарлықтай өскен.

Мысалы, коммуналдық тарифтерге тоқталайық:

  • Су бұруға – 33,9%;
  • Орталықтан жылытуға – 30,9%;
  • Суық суға – 30,8%;
  • Қоқыс шығаруға – 30,7%;
  • Ыстық суға – 29,4%;
  • Электр энергиясына – 19,9%;

Санаторийлердің бағасы 16%, денсаулық сақтау қызметтері 13,9% өскен.

Сонымен қатар ұялы байланыс қызметтері – 12,4%, таксимен жол жүру – 11,7%, қалалық автобуспен жүру – 9,3%, жолаушылар теміржол көлігі – 8,7%, қалааралық автобус қызметі – 8,2% көтерілген.

Тауарлар да қымбаттаған:

  • Күріш – 26%;
  • Жұмыртқа – 18,3%;
  • Жаңа жиналған жемістер – 17,2%;
  • Минералды және ауыз су – 16,9%;
  • Салқындатылған сусындар – 16,6%;
  • Алкогольді ішімдіктер және темекі өнімдері – 14,4%;
  • Жеміс және көкөніс шырындары – 12,5%;
  • Сары май – 12,2%;
  • Пастерленген сүт – 11,3%;
  • Айран – 10,9%;
  • Макарон өнімдері және қамырдан жасалған өнімдер – 10,4%;
  • Балық және теңіз өнімдері – 10,1%;

Пияз (42,5%), қарақұмық (24,3%), күнбағыс майы (21,2%), қант (14,8%) пен картоп (12%) арзандады.

Жалпы, бір жылда инфляция баяулап, 9,3% болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама