×

ЕАЭО тағам қоспаларын пайдалануды техникалық регламент арқылы реттей бастады

Тағамдар тізімі 362-ден 349-ға дейін қысқарды

 Еркеғали Болатұлы 29.02.2024 | 14:35
фото: Нұрдәулет Әбікеев

ЕАЭО-да тағам қоспаларын пайдалануды реттейтін жаңартылған техникалық регламент күшіне енді.

Тізім 6 жаңа қоспа енгізіліп, 19-ының алынып тасталуына байланысты 362-ден 349-ға дейін қысқарды.

Техникалық регламенттер мәтінінің 70 пайызға жуығы, оның 5 негізгі бөлімі мен 29 қосымшасы жаңартылды.

Сонымен қатар Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының баспасөз қызметі ЕЭК Кеден одағы тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттеріне енгізілген өзгерістерді енгізу тәртібін бекіткенін хабарлады.

Бұл тамақ өнімдеріне, сондай-ақ олардың кейбір түрлеріне арналған техникалық регламенттер:

  • май өнімдері;
  • сүт және сүт өнімдері;
  • ет және ет өнімдері;
  • балық және балық өнімдері;
  • құс еті және оның өңделген өнімдері.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама