Былтыр 1 млрд теңге жымқырды деген күдікпен оның басқа да басшылары ұсталған болатын
Қаржылық мониторинг агенттігі «Қазарнаулыэкспорт» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры ұсталғанын хабарлады.
2024 жылғы 23 ақпанда броньдалған әскери техниканы жеткізу бойынша мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау кезінде қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдікпен «Қазарнаулыэкспорт» РМК бас директорының міндетін атқарушы Аршат Аяғанов ұсталды, - делінген ресми хабарламада.
Айта кетсек, былтыр 1 млрд теңге жымқырды деген күдікпен «Қазарнаулыэкспорт» мекемесінің басшылары ұсталған болатын.
«Қазарнаулыэкспортты» Үкіметтің өзі құрған. Кәсіпорын Қарулы күштерін, басқа да әскер мен әскери құралымдарды қару-жарақ және әскери техникамен қамтамасыз ету және әскери мүлік импорты мен экспорты бағытында жұмыс істейді.