Былтыр солтүстік-оңтүстік дәліз арқылы 2,1 млн тонна жүк тасымалданған
Маңғыстау облысында премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин солтүстік-оңтүстік және Транскаспий халықаралық көлік маршруты (ТХКМ) көлік дәлізін дамыту бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.
Ақтау порты мен Иранның солтүстік порты арасында жүктерді тасымалдау жолға қойылған. Солтүстік-оңтүстік дәлізі – баламалы сауда маршруттарын дамыту тұрғысынан өте перспективалы бағыт. Сондай-ақ Маңғыстау облысы арқылы солтүстік-оңтүстік дәлізінің шығыс тармағы өтеді.
Кеңесте Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров сервисті жақсарту, жүктерді жеткізу уақытын қысқарту және аталған көлік дәлізінде «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсету үшін Қазақстан, Ресей және Түрікменстанның теміржол әкімшіліктері бірлескен кәсіпорын құруды жоспарлап отырғанын жеткізді.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша солтүстік-оңтүстік дәлізі бойынша теміржол көлігімен тасымалданған жүктердің көлемі 2,1 млн тонна болды. Бұл – 2022 жылғы көрсеткіштен 4%-ға артық. 2027 жылға қарай дәліздің көлік әлеуеті жылына 6 млн тоннандан 10 млн тоннаға дейін еседі, - деді министрдің отынбасары.