×

Елімізде сиыр етіне деген сұраныс жоғары

Шошқа етін тұтыну 2,5% төмендеді

 Еркеғали Болатұлы 25.02.2024 | 17:15
фото: akorda.kz

Қазақстанда 2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда 80,2 мың тонна ет өндіріліп, 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 10,1% артқан. Бұл туралы Energuprom.kz хабарлады.

Биыл қаңтарда 7,1 мың тонна жаңа сойылған немесе салқындатылған ет өндіріліп, 2023 жылғы қаңтарға қарағанда бірден 39,4%-ға өскен.

Қазақстандықтар ең көп тұтынатын сиыр еті 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте жан басына шаққанда орташа есеппен 18,33 келі болды. Бұл – 2022 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 3,2% артық.

Одан кейін жылқы еті жан басына шаққанда орта есеппен 4,88 келі болып, бір жылдағы өсім 11,7%-ды көрсетті.

Қой етін тұтыну бір жылда 4% азайып, өткен жылдың қаңтар-қыркүйек айларында жан басына шаққанда орта есеппен 4,02 келі болды.

Ал шошқа етін тұтыну 2,5% төмендеді. Жан басына шаққанда, орташа есеппен 2,46 келі болады.

2024 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша қой еті 0,1%, жылқы еті 0,6%-ға дейін қымбаттады. Ал бір жылда сиыр еті бірден 8,7% қымбаттаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама