×

Депутат қомақты қаржы бөлінген ауылдардың дамымай жатқанын ашына айтты

Жыл сайын ауылдан қалаға көшетін қазақстандықтардың саны азаяр емес

 Дәурен Ерболат 22.02.2024 | 15:57
Фото: pkzsk.info

Елімізде ауылды дамытуға 500 млрд теңгеден аса қаржы бөлінсе де одан нәтиже жоқ. Бұл туралы сенатор Жанболат Жөргенбаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ол депутаттық сауалын премьер-министр Олжас Бектеновке жолдады.

Депутат Қазақстанда қала халқының үлесі артып келе жатқанын, ауылдағы халықтың жағдайы мәз емес екенін атап өтті. Бюджеттен қомақты қаржы бөлінсе де ауылдағы әлеуметтік инфрақұрылым дамымай отыр.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 2019-2023 жылдары республикалық бюджеттен 524 млрд теңге бөлініп, 1,5 мыңнан аса ауылда 5 мыңнан аса жоба іске асырылды. Алайда оның нәтижесі көңіл көншітпей отыр, - деді Жанболат Жөргенбаев.

Сенатор Үкіметтің ауылда денсаулық сақтау жүйесі мен инфрақұрылымды дамытуға назар аудару керектігін атап өтті.

Шекара маңындағы ауылдарда инвестициялық жобаларды қаржыландыруға бағытталған бөлек бюджет бағдарламасын ашу керек. Сондай-ақ қолданыстағы заңнамада белгіленген ауылдық үстемақыдан тыс, мемлекеттік шекарадан 50 шақырым жерде орналасқан ауыл қызметкерлері үшін лауазымдық жалақыға 50%-ға дейінгі мөлшерде үстемақы белгілеу мүмкіндігін қарастыру қажет, - деді депутат.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама