Halyq Uni логотип
×

Ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға 450 млрд теңге бөлінеді

Инвестициялық жобаларды қаржыландыруға 800 млрд теңге жұмсалады деп жоспарланған

 Ербол Тұрымбет 21.02.2024 | 17:25
Ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға 450 млрд теңге бөлінеді
Фото: kz.kursiv.media

Қарызға берілетін қаражаттың тапшы болуына байланысты шаруалар тыңайтқыш пен өсімдіктерді қорғау құралдарын жеткілікті пайдаланбайды. Сондай-ақ ескірген техникамен жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, бұл еңбек өнімділігінің төмендеуіне әкеп соғады.

Министрдің айтуынша, мәселені шешу үшін шаруаларды қолжетімді несие қаражатымен дер кезінде қамтамасыз ету керек. Сондықтан биыл салаға бюджет қаражатынан басқа да көздер, соның ішінде екінші деңгейлі банктердің капиталы да тартылады.

Нәтижесінде:

  • көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген несиемен толық қамту үшін жыл сайын 1,5 триллион теңге бөлінеді;
  • ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту тапсырмасын 8-10% деңгейінде орындау мақсатында жеңілдікті лизингке 450 млрд теңге бөлінеді;
  • инвестициялық жобаларды қаржыландыруға 800 млрд теңге жұмсалады.

Қазір қаржыландыру көздері пысықталып жатыр. Бірақ бұл қаражаттың бәрі қайтарылуы қажет.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама