Halyq Uni логотип
×

Ауыл шаруашылығы министрі не себепті отандық өнім Ресейдікінен арзан екенін түсіндірді

Бағаға элиталық тұқым үлесі мен техниканың жаңартылуы тікелей әсер етеді

 Ербол Тұрымбет 21.02.2024 | 17:05
Ауыл шаруашылығы министрі не себепті отандық өнім Ресейдікінен арзан екенін түсіндірді
Фото: Halyq Uni

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров не себепті отандық өнім ресейлік өнімнен арзан екенін түсіндірді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Оның сөзінше, елімізде қолданыстағы агротехнологиялар мен ауыл шаруашылығы техникаларының жаңару қарқыны төмен.

Елімізде егістікке қажеттілігі ғылыми түрде дәлелденген тыңайтқыштардың тек 21%-ы ғана беріледі. Элиталық тұқымдардың үлесі небәрі 7%. Ал Ресейде Қазақстаннан 2 есе көп.

Ал қалыпты жағдайда техниканың 10%-ы жаңартылу керек, бізде ол – 4,5%. Соның салдарынан өнім өндіру қарқыны төмен, ал өзіндік құны жоғары болып шығады.

Қазақстандық диқандар көрші елдердің шаруаларымен бәсекеге түсе алмайды. Өйткені, өнім өндіру көлемі гектарына 9-10 центнерден аспайды. Ал Ресейде 20-25 центнерден алады, - деді министр Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингте.

Оның айтуынша, дәл осы жайт ресейлік астықтың дәстүрлі экспорттық нарығымызға, тіпті ішкі нарығымызда да демпинг жасауына себеп болып отыр. Өйткені жеткізу құнын қоса есептегеннің өзінде ресейлік өнімдер отандық өнімдерден арзан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама