×

Қазақстанның локомотив құрастыру зауытын америкалық компания иеленді

Оның елімізге техника жеткізуден түскен пайдасы 2 млрд доллар болады

 Еркеғали Болатұлы 19.02.2024 | 16:40
фото: Railway.supply

Америкалық Wabtec компаниясы енді Қазақстандағы «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ акцияларына толық иелік етеді.

Railway Supply мәліметінше, былтыр қазан-желтоқсан айларындағы есепке сәйкес, Wabtec ЛКЗ акцияларының 50%-ын 81 миллион долларға сатып алды. Бұрын акциялардың жартысына «Трансмашхолдинг» АҚ иелік еткен еді.

Бұл қадамға 2023 жылғы қарашада Қазақстандағы өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойғаннан кейін барған. Осы құжатта көрсетілген барлық мәміле орындалса, Wabtec-тің Қазақстанға техника жеткізуден түскен пайдасы 2 миллиард доллар болады, – деп атап өтті Railway Supply.

Ал «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ локомотив паркінің 15 пайызын жаңартып, 240 Wabtec локомотивін сатып алу үшін америкалық Citibank-тен 900 миллион доллар қарыз алуды жоспарлап отыр.

Еске сала кетсек, былтыр қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев Wabtec компаниясының бас атқарушы директоры Рафаэль Сантананы қабылдаған болатын. Сол сәтте Қазақстанның теміржол саласын қайта құру аясында Wabtec компаниясымен ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама