Қостанай әуежайы тағы сатылымға шығарылады

Дәурен Ерболат

Облыс әкімдігі дайындықты бастап кетті

Фото: Halyq Uni

Биыл Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай халықаралық әуежайы жекешелендіріледі, деп хабарлады Alau.kz.

Әуежай 2 рет аукционға шығарылған. Бірақ сауда-саттық өткізілмеді деп танылған. Енді әкімдік әуежай акциясының 49%-ын сатуды жоспарлап отыр.

Мемлекет меншігінен шығарудың көптеген тәсілі бар. Сатып алу құқығымен қоса, сенімді басқаруға беруге де, тендерге, не аукционға шығаруға да болады. Құзырлы орындар 3 тәсілдің бірін таңдайды, - деді облыстық қаржы басқармасының басшысы Алма Жүсіпова.

Департамент мәліметінше, Қостанай облысында 2021-2025 жылдарға арналған жекешелендіру жоспары мерзімінен бұрын аяқталады.

Бұған дейін жоспардағы нысандардың көбі жекеменшікке өткен. Олар жалпы 600 млн теңгеге сатылған, оның басым бөлігі – тұрғын-үй шаруашылық нысандары мен аудандық БАҚ.