Биыл елімізде 100 мыңнан астам көлік шығару жоспарланып отыр

Еркеғали Болатұлы

Былтыр 93 мыңнан астамы шығарылған

фото: politic.kz

Қазақстандық автобизнес қауымдастығының техникалық реттеу бойынша директоры Ербол Сейпілов «Желмая» жобасында биыл отандық көлік өндірісі артатынын айтты.

«Әрине, егер инвесторлар келем деп жатса, елімізге жаңа бренд ұсыныс тастаса, біздің құшағымыз ашық.

Біз әрбір көлік брендінің елімізде көлік шығаруына, локализация жасап, инвестиция құюына қарсы емеспіз. Меніңше, болашақта елімізге жаңа көлік брендттері келуі мүмкін, - дейді ол.

Айтуынша, көлікке деген сұраныс жылдан жылға артып келеді екен. Осы жағдайды ескеріп, көлік өндірісін жыл сайын 20 пайызға арттыру жоспарланған.

«Былтыр елімізде 93 мыңнан астам көлік шығарылды. Оның 82 мыңы жеңіл автокөлік. Биыл тағы 20 пайызға ұлғайтып, 100 мыңнан астам көлік шығару көзделіп отыр. Жақында еліміздегі шетелдік компаниялармен келіссөз жүргізілді. Оларға осындай көп сұранысқа орай жыл сайын бөлінетін квота санын көтеруді сұрадық», - дейді Ербол Сейпілов.