Алматыда баспананың бір шаршы метрі 700 мың теңгеден асқан
3 жылда Қазақстанда қайталама нарықтағы пәтерлер орташа есеппен 40%-ға қымбаттады, - деп хабарлады krisha.kz.
Сарапшылардың мәліметінше, осы уақыт аралығында бағаның ең көп өсімі Ақтау, Ақтөбе және Алматы қалаларында тіркелген.
Еліміздегі ең қымбат пәтер – Алматыда. 3 жылда мұнда баспана бағасы шаршы метріне 468 мың теңгеден 721 мың теңгеге дейін өсті. Өсім – 54%.
Екінші орында Астана тұр. Елордада баға соншалықты көп өспеген – 33,4%. 2021 жылы пәтердің 1 шаршы метрі 357 мың теңгеден биыл 476 мың теңгеге көтерілді.
Үшінші орын Шымкентке тиесілі. Қалада баспананың 1 шаршы метрі – 420 мың теңге. 3 жыл бұрын көрсеткіш 312 мың теңге болған. Өсім – 34,5%.
Пәтері ең арзан өңірлер – Қызылорда (шаршы метрі – 239 мың теңге, өсім – 52,7%), Ақтөбе (287 мың теңге, өсім – 61%), Талдықорған (302 мың теңге, өсім – 40,9%) қалалары.
3 жылда Ақтауда пәтер бағасы айтарлықтай өскен (67,7%), баспананың 1р шаршы метрі – 321 мың теңге.
Сарапшылар пәтердің қымбаттауын зейнетақы активтерінің шығарылуы, доллар бағамының өсуі және бастапқы нарықтағы құрылыс материалдары бағасының артуымен байланыстырады.