Несиеге малдар, жабдықтар мен негізгі құралдар сатып алынды
Абай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 538 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.
Былтыр «Ауыл аманаты» бағдарламасына 6 аудан, оның ішінде 96 ауылдық округ енгізілді. 280 жұмыс орны ашылып, 210 жеке кәсіпкер тіркелді.
363 жеңілдетілген несие берілді. Оның ішінде ірі қара мал сатып алуға 205 несие, ұсақ мал сатып алуға 21 несие, жылқы сатып алуға 129 несие, омарта ашуға 3 несие, ауыл шаруашылығы емес кәсіпкерлік субъектілеріне 5 несие, жабдықтар мен негізгі құралдарды сатып алу және одан әрі наубайхана ашуға несие берілді. Соның нәтижесінде ірі қарадан 2 741 бас аналық мал, ұсақ малдан 2050 аналық, 1 880 жылқы, 250 бал арасы сатып алынды.
2024 жылға арналған жобалардың әлеуетті пулын қалыптастыру аясында ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін анықтау мақсатында 327 елді мекендегі 135 ауылдық округтің 8-інде сауалнамаға сәйкес скринингтік тексеру жүргізілді.
2024 жылы скрининг қорытындысы бойынша облыстың барлық ауылдық округтері несиелеуге тартылады. 264 несие беру, 10 АӘК алушыға несие беру, 538 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Мал шаруашылығына 50%, егін шаруашылығына 40% және ауылшаруашылығы емес кәсіпке 10% несие беру үлесін бөлу қарастырылған.