×

Биыл 1,2 трлн теңгеге 180 индустриялық жоба іске асырылмақ

Машина жасау саласының жалпы қосылған құны 4,5 есе өседі деп күтіледі

 Динара Амантай 05.02.2024 | 10:15
Фото: primeminister.kz

Биыл 1,2 трлн теңгеге 180 индустриялық жоба іске асырылмақ, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қазақстан Үкіметі шикізатқа бағдарланған экономикадан қосылған құны едеуір жоғары салаларға басымдық беретін экономикаға өту жөніндегі шараларды іске асыруды жалғастырып жатыр. Бұл индустрияландыруды және оның қарқынды дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мәселен, өткен жылы өңдеу өнеркәсібінде 928 млрд теңгеге 170 жоба іске асырылды. Отандық тауар өндірушілермен 179 ұзақ мерзімді шарт пен оффтейк-келісімшарт жасалды. Барлық қабылданған шаралардың арқасында өңдеу өнеркәсібінің экономикадағы үлесі тау-кен өнеркәсібінің үлесімен теңесті.

Биыл 1,2 трлн теңгеге 180 индустриялық жоба іске асырылмақ. Сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз етудің жаңа тетігі индустрияландыруды жеделдетуге ықпал ететін болады.

Машина жасау саласын дамытудың 2028 жылға дейінгі кешенді жоспарын орындау арқасында осы саланың жалпы қосылған құны 4,5 есе өседі деп күтіледі.

Жалпы, бүгінде Қазақстанда 32 трлн теңгеге 1 мыңға жуық инвестициялық жобаның жалпыұлттық пулын іске асыру жалғасып жатыр. Бұл экономиканың барлық салаларына қатысты. 2023 жылы 1,8 трлн теңгеге 298 жоба іске қосылды. 2024 жылы жалпы көлемі 3,8 трлн теңгеге 326 жоба іске асырылмақ.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша инвестициялық штабтың жұмысы қайта қаралып, күшейтілді. Ірі инвестициялық жобалар бөлек қаралып, туындайтын барлық мәселелер жеке қаралып, шешілетін болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама