Мүфтият мәлімдемесінің тиісті лицензия алған цифрлық биржаларға қатысы жоқ – Дәурен Қарашев

Халық үні

Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығы ҚМДБ-ның P2P арбитражды жүйесін пайдалануға тыйым салуға қатысты келтірген дәлелдерімен толықтай келіседі

Фото: Halyq Uni

Қазақстандық блокчейн технологиялар және дата-орталықтар қауымдастығы (бұдан әрі Қауымдастық) Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының P2P арбитражды жүйесін пайдалануға тыйым салуға қатысты келтірген дәлелдерімен толықтай келіседі.

Реттеуші – АХҚО қаржы қызметтерін реттеу комитеті (бұдан әрі - AFSA) де осындай ұстанымда.

ҚМДБ атап өткен криптовалюта негізінде белгісіздік, алаяқтық, құмар, жеке тұлғалар мен мемлекетке қауіп-қатер төндіру және зиян келтіруге байланысты қауіп шынында да Қазақстанда лицензияланбаған крипто биржалар аясында болуы мүмкін.

Заңнамаға сәйкес, мұндай биржалар заңсыз және олар Қазақстан аумағында дереу бұғатталуға тиіс, - дейді Қауымдастық төрағасы Дәурен Қарашев.

Алайда ҚМДБ атаған барлық қауіптің AFSA-ның тиісті лицензиясын алған қазақстандық цифрлық активтер биржаларына қатысы жоқ. Себебі, мұндай биржалар отандық заңнама бойынша қатаң жауап береді.

«Ақша айырбастау кезінде (хияру әш-шарт) беру кешігеді дегенге келетін болсақ, AFSA-ның цифрлық активтермен (Rules on Digital Asset Activities) қызмет жөніндегі ережелері аясында клиринг пен «төлемге қарсы жеткізу» қағидаты бойынша есеп айырысу алдында фиат және цифрлық активтерді алдын ала қаржыландырудың нарықтық тәжірибесінің арқасында бұл есеп айырысу тәуекелі төмендейді. Бұл дегеніміз, мәміленің бір бөлігі бойынша есеп айырысу екінші жақ жасаған кезде ғана жасалады деген сөз.

Қауымдастық ҚМДБ-на заңсыз крипто биржаларымен және крипто активтерімен сауда жасаудың тыйым салынған әдістерімен күресуге көмектескені үшін алғыс білдіреді», - дейді Дәурен Қарашев.

Алдын ала болжам бойынша, қазір Қазақстанда 1 миллионнан астам азамат түрлі криптооперацияларға араласады. Мұнда осынша адамның болуы крипто-алаяқтардың қызметі үшін де үлкен «өріс» болып тұр. Қауымдастық басшысы уәкілетті мемлекеттік органдар бұл мәселені ерекше бақылауына алуға тиіс деп санайды..

Қауымдастық тарапынан біз қазірдің өзінде консультациялық және сараптамалық қолдау көрсетіп отырмыз және Қазақстанда тек лицензияланған цифрлық активтер биржалары жұмыс істеуге тиіс деп есептейміз, - дейді Дәурен Қарашев.

Төменде 2024 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша Қазақстанда лицензияланған криптобиржалардың тізімі көрсетілген:

  • 1. Bigone Investment Ltd. (Providing Custody)
  • 1-1. Bigone Investment Ltd. (Operating a Digital Asset Trading Facility)
  • 2. Paidax Limited (Dealing in Investments as Agent; Dealing in Investments as Principal (as a matched principal)
  • 3. SkyBridge Digital Finance Ltd (Dealing in Investments as Agent; Advising on Investments; Arranging Deals in Investments; Dealing in Investments as Principal (as a matched principal)
  • 4. Collect & Exchange Ltd. (Providing Money Services in relation to Digital Assets)
  • 5. Bybit Limited (Providing Custody)
  • 5-1. Bybit Limited (Operating a Digital Asset Trading Facility)
  • 6. Top Line Limited (Providing Custody)
  • 6-1.Top Line Limited (Operating a Digital Asset Trading Facility)
  • 7. BN KZ Technologies Limited (Providing Custody)
  • 7-1. BN KZ Technologies Limited (Operating a Digital Asset Trading Facility)
  • 8. Biteeu Eurasia Ltd. (Operating a Digital Asset Trading Facility)
  • 8-1. Biteeu Eurasia Ltd. (Providing Custody)
  • 9. ATAIX Eurasia Ltd. (Operating a Digital Asset Trading Facility)
  • 9-1. ATAIX Eurasia Ltd. (Providing Custody)
  • 10. Delta DA Ltd. (Providing Custody)
  • 10-1. Delta DA Ltd. (Operating a Digital Asset Trading Facility)
  • 11. ADVANCED PAYMENT SOLUTIONS Ltd. (Providing Money Services; Dealing in Investments as Agent; Arranging Deals in Investments)

«Қазақстан Республикасындағы Цифрлық активтер туралы» заңның 11-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында айналымға (цифрлық активтерді сатып алуға/сатуға/сақтауға/айырбастауға), сондай-ақ қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер бойынша цифрлық активтер биржаларының кез келген қызметіне көрсетілген биржалар аясында ғана рұқсат етіледі. Бұл тізімге енбегендердің барлығының қауіп жоғары және заңсыз қызмет етеді. Олардың жұмысы ҚР заңдары аясында қудаланады.

Анықтама: Қазақстандық блокчейн-технологиялар және дата-орталықтар қауымдастығы 2021 жылғы 3 ақпанда құрылған. Қауымдастықтың мақсат – Қазақстанда блокчейн-технологиялар индустриясын дамыту, бөлінген реестр (блокчейн) жүйелері базасында технологиялардың Қазақстан экономикасына таралуы мен терең интеграциялануына жәрдемдесу, блокчейн технологиясы саласындағы сауаттылықты арттыруға және осы қызметті насихаттауға жәрдемдесу және т.б.

Қауымдастықтың ресми сайты: kabt.kz

Әлеуметтік желідегі парақшалары: instagram.com/kabt.kz/ және facebook.com/kabt.kz