×

«Келешегі жоқ ауылдар» деген – қате үрдіс»: 2023 жылды «Ауыл жылы» деп атау ұсынылды

Жаңа Қазақстан құруды ауылды жаңғыртудан бастауға болады

 Еркеғали Болатұлы 26.05.2022 | 16:27
фото: ашық дереккөз

Қазақстан фермерлері қауымдастығының басқарма төрағасы Жигули Дайрабаев президентке келер 2023 жылды «Ауыл жылы» деп атауды ұсынды.

«Бұрын «келешегі жоқ ауылдар» деген әңгіме шығып еді. Меніңше, ол қате үрдіс. Өткен аптада мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Ол кездесуге мен де қатыстым.

Біз 2003 жылы «Ауыл жылы» деген жоспар құрғанбыз. Содан бері келер 2023 жылы 20 жыл толайын деп отыр. Осыған орай фермерлердің атынан Қасым-Жомарт Кемелұлына ұсыныс жасадым, - дейді ол.

Оның пікірінше, келесі жылды да қайтадан «Ауыл жылы» деп атап, жаңа Қазақстанды құруды ауылды жаңғыртудан бастауға болады. Бұл ретте Қазақстан фермерлері қауымдастығы ел бойынша 200 млн гектар жайылым жер бар екенін ескертіп отыр.

«Бүгінде 22 млн гектардан астам жерге егін егеміз. Оның 2,5 гектары – суармалы жерлер.

Дегенмен азық-түліктің көбін сырттан алып келіп отырмыз. Бәрін жаман деп айтудан аулақпыз. Сонда да ауыл шаруашылығында кемшіліктер бар.

Алайда ауыл шаруашылығын дамытуда бізде потенциал өте жоғары», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама