Қаражатты министрлік пен Еуропалық инвестициялық банк арасында қол қойылған меморандум шеңберінде тарту жоспарланып отыр
Көлік министрлігі еліміздегі көлік әлеуетін дамытуға 500 млн еуро инвестиция тарту туралы келісті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қаражатты министрлік пен Еуропалық инвестициялық банк арасында қол қойылған меморандум шеңберінде тарту жоспарланып отыр.
Министр Марат Қарабаев Брюссельде ЕИБ вице-президенті Тереза Червинскаямен кездесті. Тараптар Еуропа мен Орталық Азия арасындағы көлік байланыстарын дамытудың негізгі аспектілері туралы келіссөздер жүргізді, сондай-ақ Қазақстанның автомобиль жолдарының өткізу қабілеттілігіне жәрдемдесу үшін берілетін қаражатқа қатысты өзара түсіністік туралы меморандумды талқылады.
Айта кетерлігі, бұған дейін Қазақстан ЕИБ-мен бірқатар меморандум жасасқан болатын. Бұл қосымша инвестицияларды қамтамасыз етуге тиіс.
Кездесу қорытындысы бойынша Тереза Червинская ЕИБ мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты көлік әлеуеті тұрғысынан одан әрі дамытуға ниет білдірді. Бұл өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам болады және Қазақстанның көлік саласына инвестициялар тартуға ықпал етеді деп күтіледі.