Қазақстандық мұнай өндірісінің 34,4%-ы – АҚШ пен Ресей еншісінде

Еркеғали Болатұлы

Былтыр елімізде жалпы 89,9 миллион тонна мұнай өндірілген

фото: karatu.ru

2023 жылы Қазақстанда қанша мұнай өндірілгені және елдегі «қара алтынды» қай мемлекет игеріп жатқаны белгілі болды. Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, 2023 жылы Қазақстанда 89,9 миллион тонна мұнай өндірілген. «Қара алтынның» 33,1%-ы Қазақстанға тиесілі. Ал АҚШ пен Ресей өндіріп отырған мұнай көлемі жалпы өндірістің 34,4%-ын алады.

Министрлік ұсынған тізім мынадай:

  • АҚШ – 30,9%;
  • Еуропа – 18,4%;
  • Қытай – 11,4%;
  • Ресей – 3,5%;
  • басқалары – 2,7%.

Сондай-ақ ведомство кейінгі бір жылда мұнай өндіру бойынша Атырау облысының көш бастап (58,6%) тұрғанын атап өтті. Екінші және үшінші орында Маңғыстау (18,5%) және Батыс Қазақстан (13,65%) облыстары тұр.

Мұнай өндіруден алғашқы бестікке Ақтөбе облысы (5,1%) мен Қызылорда облысы (4,1%) кірсе, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстары алтыншы орынды бөлісті.