Halyq Uni логотип
×

Air Astana IPO-сы неге биыл өтуге тиіс?

IPO – инвестиция тарту мақсатында компания акцияларын қор биржасына бастапқы орналастыру

 Халық үні 29.01.2024 | 13:05
Air Astana IPO-сы неге биыл өтуге тиіс?
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Үкіметте Air Astana әуе компаниясының IPO-сын өткізу жайы талқыланды. Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында IPO-ның биыл өтуге тиіс екені айтылды.

Бұған дейін «Самұрық-Қазына» АҚ мен Air Astana компаниясы халықаралық кеңесшілермен бірге дайындық жұмыстарын жүргізген.

Жиында қаралған өзекті мәселе – компанияның бір қарапайым акциясы мен бір ғаламдық депозитар қолхатының баға диапазонын анықтау. Бұл 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында жоспарланған өтініштерді қабылдау процесін бастау үшін қажет.

Айта кетейік, IPO – инвестиция тарту мақсатында компания акцияларын қор биржасына бастапқы орналастыру. IPO кезінде компания ашық айналымға акцияларын шығарады, оларды институционалды инвесторлар да, жеке инвесторлар да сатып ала алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама