Қазақстан қор биржасындағы облигацияның жалпы көлемі 190 млрд теңгені құрайды
БЖЗҚ 173 млрд теңгеге «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ облигациясын сатып алатын болды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
БЖЗҚ зейнетақы активтерін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ облигациясына нарық шарттарына сай жылдық 13% кіріспен және 15 жылға есептелген айналым мерзімі бойынша 173 млрд теңгеге «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ облигацияларын сатып алатынын хабарлайды, – делінген ақпаратта.
Қазақстан қор биржасындағы облигацияның жалпы көлемі 190 млрд теңгені құрайды. Осы облигацияның жалпы сомасы – 17 млрд теңге. Ол БЖЗҚ-дан өзге де инвесторлар қатысты болып отыр.
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ тартылған қаражатты көлік инфрақұрылымы жобаларын қаржыландыруға жұмсайды.
Осы жобаларды іске асыру экономиканы әртараптандыру және өсіру мақсаттарына сәйкес келеді. Сонымен қатар теміржол көлігі жүк және жолаушы тасымалдау саласындағы транзит пен көліктік әлеуетті кеңейтуге мүмкіндік береді, - делінген ақпаратта.