Тараптар Қазақстанда криптоиндустрияның өңірлік хабын құру мәселесін талқылады
Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдегі ірі Binance криптобиржасының негізін қалаушы әрі бас директоры Чанпен Чжаоны қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
«Кездесу барысында еліміздің салалық құрылымдары мен Binance компаниясы арасында цифрлық қаржы саласындағы, блокчейн технологиясы бағыты бойынша бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастықтың ұзақмерзімді перспективалары, сондай-ақ Қазақстанда криптоиндустрияның өңірлік хабын құру мәселесі талқыланды», – делінген ақпаратта.
Кездесу соңында президенттің қатысуымен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Binance компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.