×

Еліміздегі көмір экспорты 8,5 млн тоннаға ұлғайды

Еуропалық Одақтың қазақстандық көмірге деген сұранысы артқан

 Еркеғали Болатұлы 23.01.2024 | 12:27
фото: КазТАГ

Қазақстанда көмір өндіру көлемі артып келеді, деп хабарлады өнеркәсіп комитеті.

Жалпы, елімізде отын-энергетикалық кешенді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында көмір өндіруді жыл сайын ұлғайту көзделген.

Жақын уақытта Богатырь көмір кенішінде циклдік-ағындық технология іске қосылады деп жоспарланған. Бұл 42 млн тоннадан 50 млн тоннаға дейін көмір өндіруді ұлғайтуға мүмкіндік береді, - делінген хабарламада.

Бүгінде өндірілген көмірдің 26-28%-ы эскпортталып жатыр.

Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, алыс шет елдерге тас көмір мен лигнит экспорты 6,5 есе, яғни 1,3 млн тоннадан 8,5 млн тоннаға дейін ұлғайды. Өйткені Еуропалық Одақтың қазақстандық көмірге деген сұранысы артқан, - деп мәлімдеді ведомство.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама