Қазақстанда инвестициялық жобалардың саны сапалы түрде артады

Динара Амантай

Бүгінде 61 ірі жобаны іске асыру көзделген

Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен Инвестицияларды тарту жөніндегі кеңес отырысында энергетика саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру барысы қаралды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қазақстанда инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулы аясында бүгінде 61 ірі жобаны іске асыру көзделген. Оның ішінде ЖЭК, ЖЭО нысандарын салу, газ және гидроэлектростанцияларын іске қосу қамтылған. 2023 жылғы көрсеткіштер инвестиция тарту бойынша жолға қойылған жұмыстарды көрсететіні атап өтілді. Мемлекеттік органдарға инвесторлармен өзара іс-қимылды күшейтіп, жобаларды белгіленген мерзімде пайдаланіға беруді қамтамасыз ету тапсырылды.

Сондай-ақ өңірлерге инвестиция тарту мәселелері көтерілді. Мәселен, 2023 жылы Жетісуда 52,8 млрд теңгеге жоспарланған 47 инвестициялық жобаның барлығы іске қосылып, соның арқасында облыста 1200-ден астам жұмыс орны ашылды. Оның ішінде жалпыұлттық пул аясында 10 ірі жоба іске асырылды. Олардың қатарында қуаттылығы 50 мегаватт жел электр стансасы, өнеркәсіптік аккумуляторлар шығаратын зауыт, мультимодальды көлік-логистикалық орталық және т. б. бар.

Инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері Инвестициялық штаб отырыстарында тұрақты негізде қаралатын болады.