Бұл – «Самұрық-Қазына» қоры мен италиялық Balestra компаниясының біріккен жобасы
Римде зауыт жобасы бойынша келісімге «Самұрық-Қазына» қоры мен италиялық Balestra компаниясы қол қойды, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.
Құжатта өндіріс нысанын салу жобасының шарттары мен талаптары қамтылған.
Түркістан облысының Созақ ауданында қуаттылығы 800 мың тонна болатын зауыт пайда болады. Ол «Қазатомөнеркәсіпті» күкірт қышқылымен қамтамасыз етеді, - деді қор басшысы Нұрлан Жақыпов.
Бұған дейін атомдық компания уран өндіруге қажетті күкірт қышқылын жеткізуде қиындықтар туындағанын хабарлаған болатын.
Сонымен қатар қор италиялық Cassa Depositi e Prestiti ұлттық даму институтымен өнеркәсіпке, энергетикалық көшу жобаларына (соның ішінде жаңартылатын энергия көздеріне) және логистикаға баса назар аудара отырып, көптеген салаларда ынтымақтасады.
Қол жеткізген келісімдер негізінде тараптар бірлескен инвестициялық қор құру арқылы инвестициялау мүмкіндігін қарастырып жатыр, - деді «Самұрық-Қазына» өкілдері.
CDP – Италияның ұлттық даму институты, сол елдің экономикалық өсуінің негізгі драйверлерінің бірі.